РЕСЕЙ ҒАРЫШКЕРІ МЕККЕ МЕН МӘДИНАНЫ «ҚҰДАЙДЫҢ КЕРЕМЕТІ» ДЕП АТАДЫ Ресей ғарышкері Анатолий Иванишин Мекке мен Мәдинаны ғарыштан қарағанда жер бетіндегі ең нұрлы мекен екенін жасырмады. «Ғарыш кеңістігінде болған кезімізде әріптесім екеуміз түнгі «оттарымен» даңқы шыққан Парижді, сондай-ақ Еуропа және Америка секілді елдердің біршама қалаларын суретке түсірдік. Алайда, түсірген суреттеріміз анық болмай шықты. Содан соң, ғарыш кемесінің объективін Араб түбегіне бағыттадық. Түсірген суретіміздің анықтығына экипаж мүшелерінің барлығы таңғалды. Әуелде Араб түбегінен екі жарқыраған нүктені байқадық. Бастапқыда оның қандай мекен екенін түсіне алмадық. Артынан нақты координаттар анықталғаннан кейін ғана мұсылмандардың кие тұтатын Мекке мен Мәдина қалалары екенін білдік», – дейді Иванишин ғарыш кеңістігінде басынан кешкен әсерін бөлісіп. Таңданысын жасыра алмаған ресейлік ғарышкер Мекке мен Мәдинаны «Құдайдың кереметі» деп атады. Лондондық «Таяу Шығыс» деп аталатын басылымының мәліметінше, ресейлік ғарышкер сөзінің растығын дәлелдеу үшін таяу арада түсірген суреттерін жариялайтынын айтты.